фото: www.instagram.com
Алдағы айда Италияның Милан және Кортина қалаларында жылдың басты бәсекесі қысқы олимпиада ойындары өтеді. Оған бас-аяғы 3 мыңға жуық спортшы қатысады. Араларында ұлттық құрама өкілдері де бар. Қазақстандық қыз-жігіттер бүгінге дейін 23 лицензия жеңіп алды. Оның ішінде 12-сі конькимен жүгірушілерге, 9-ы шорт-трек шеберлеріне және екеуі мәнерлеп сырғанаушыларға тиесілі. Ал жауапты министрлік олимпиадаға қатысатын спортшылардың жалпы санын 35-тен асыруды жоспарлап отыр. Нақты цифрлар бүгін белгілі болады. Өйткені барлық іріктеу жарыстары мәресіне жетіп, олимпиада жолдамалары мен квоталары толық таратылады. Мемлекет тарапынан спортшыларымзыдың сапалы дайындығы үшін 13 миллиард 300 миллион теңге бөлінді. Тағы бір айта кетерлігі, қысқы ойындарды біздің елде үш бірдей телеарна тікелей эфирде көрсетеді. Оның бірі «Хабар» телеарнасы. Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 6 ақпан күні Милан төріндегі "Сан-Сиро" стадионында болады.
https://24.kz/kz
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через