Өгей қыздарына қорлық көрсеткен

Өгей қыздарына қорлық көрсеткен
фото: https://pixabay.com/

Кентауда ер адам қамауға алынды

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Түркістан облысы Кентау қаласында ер адам өгей қыздарына зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікке ілінді, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша 45 жастағы ер адам өгей қыздарын 5 жыл бойы қорлап келген. Алайда жәбірленушілердің туыстары қылмыстық іс тиісті бап бойынша тергелмеуі мүмкін деп қауіптенеді. Айтуларынша оқиғаға қатысты барлық айғақ бар. Ал полиция тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

"Былтыр желтоқсанда Кентау қаласының кәмелетке толмаған екі тұрғынына қатысты заңсыз әрекеттер жасалғаны жайлы арыз түсті. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді Түркістан облыстық полиция департаменті.

Полиция қылмыстық іс заң аясында тергеліп жатқанын жеткізді.

Дерек көзі:https://sputnik.kz