фото: pixabay.com
Елімізге дрондарды басқаратын мамандар қажет. Осы орайда Алматыда жастарды ұшқышсыз ұшу аппаратымен жұмыс істеуге дайындайтын арнайы орталық ашылды. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы ktk.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Орталықта студенттер бірінші кезекте дронды өз қолымен құрастыруды үйренеді. Кейін ол құрылғы экономиканың түрлі саласында тиімді қолданылады деп жоспарланып отыр.
Мәселен, егістікте биіктен дәрі шашу жұмысын жүргізуде пайдаланылмақ. Дрондар әуе қорғанысы, геология барлауы және іздеу-құтқаруда да кең қолданылады. Ал оны дұрыс басқаруды жастар осында жан-жақты үйренеді.
Орталық әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ашылды. Оқу ордасы биылдан бастап мұнда жас түлектерді қабылдауға дайын. Одан бөлек, қосымша қайта даярлау курстары да қарастырылыпты.
Марғұлан Ибраев, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің проректоры: — Мысалы ұшқышсыз аппараттарды жинау, бұл деген ұзындығы, ені, яғни жеті метрден асатын ауыл шаруашылығында, қорғаныс саласында азаматтық мақсатта қолданатын түрлі салада ұшқышсыз аппаратты жүзеге асырып, қолдануға болады. Инженер, оператор, құрастырушы осындай мамандықты қазірден бастап ашып, үйретіп жатырмыз.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через