фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/NithidPhoto
Желіде Қазақстанда бензин бағасы көтерілетіні туралы қауесет тарады.
Энергетика министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарып, АИ-92 бензинінің бағасын көтеруге енгізілген мораторий әлі күшінде екенін хабарлады.
Министрлік өкілі Әсел Серікпаеваның айтуынша, бұл шара инфляцияны тежеу мақсатында енгізілген.
«Жанармай бағасы күрт қымбаттайды деп болжанып отырған жоқ, жағдай мемлекеттің бақылауында. 2027 жылдан бастап ЕАЭО аясында мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарығын құру мәселесіне келсек, бұл үдеріс кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Мұндай әңгіме заңнамаларды үйлестіру туралы болып отыр, басқа елдермен бағаны бірден әрі автоматты түрде теңестіру көзделмейді», - деді ол.
https://sputnik.kz/
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через