фото: https://www.istockphoto.com/ru/portfolio/MihaCreative
Әлеуметтік желіде «екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы» тарап жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы 2026 жылы 10 қаңтарда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді.
Агенттіктің Telegram арнасында бұған қатысты түсініктеме берілген.
– Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді, тек ресми ақпарат көздерін пайдалануларыңызды сұраймыз, сондай-ақ әртүрлі делдалдардың көмегіне жүгінбеуге кеңес береміз, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ құзырлы мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасында жалған ақпарат таратқандарға жауапкершілік қарастырылатынын еске салады.
https://kaz.inform.kz/
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через