фото: painters.kz
Астанада қазақстандық суретші әйелдердің көрмесі ашылды. Онда отандық және халықаралық өнер кеңістігінде есімі көпке танымал қылқалам шеберлерінің жұмыстары қойылды.
Олардың қатарында – Алтыншаш Алпысбаева, Рахат Сапарәлиева, Ильсуар Казакова, Рашита Мусагаева, Динара Нугер сияқты белгілі суретшілер бар. Әйел жан дүниесінің нәзік қырларын ашатын сурет туындылары қалың көпшіліктің ықыласына бөленді. Көрме «Сенім» деген атаумен өтуде.
Өнер жолындағы қыз-келіншектердің шығармашылығын кеңінен насихаттауға бағытталған шарада 150-ден астам туынды келушілер назарына ұсынылды. Ұлттық киімдегі әйел бейнелері, ана махаббаты мен ана бақыты тақырыптарын арқау еткен жұмыстар көрермен тарапынан ерекше бағаға ие болды. Көрме үш ай бойы жалғасады.
https://24.kz/kz
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через