фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
ҚР Ұлттық кітапханасында биыл мерейтойы аталып өтетін мемлекет және қоғам қайраткерлері, әдебиет пен өнер саласының 16 көрнекті өкіліне арналған көрме ашылды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.
Олардың қатарында Жамбыл Жабаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Жұбанов, Сайын Мұратбеков және өзге де тұлғалар бар.
— Көрме экспозициясына 350-ден астам баспа басылымы мен 200-ге жуық электронды материал қойылды. Кітапханаға келушілер мерейтой иелерінің өмірбаяны, кәсіби және қоғамдық қызметі жөніндегі мәліметтермен таныса алады. Мәдениет қайраткерлеріне жеке бөлім арналып, олардың театр, кино және музыка өнерін дамытуға қосқан үлесі таныстырылды, — делінген ақпаратта.
Ұлттық кітапхананың оқырмандары көрмені жыл бойы тамашалай алады.
https://kaz.inform.kz/
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через