фото: pixabay.com
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматы қаласындағы бірқатар мектептерде террористік актілер дайындалып жатқаны жөнінде жалған ақпарат таралып жатыр, деп жазды "Сапалы Қазақстан" порталы.
Ресми түрде хабарлаймыз: аталған мәлімет шындыққа сәйкес келмейді және фейк болып табылады, деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта қаладағы білім беру ұйымдарындағы ахуал толық бақылауда. Полиция және өзге де жедел қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде, балалар мен педагогтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданды.
Жалған ақпаратты тарату фактісі бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары басталды.
Фейк хабарламаның авторы мен таралу көзі анықталуда. Оған қатысы бар тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Азаматтарды сабыр сақтауға, дүрбелеңге бой алдырмауға және тек ресми ақпарат көздеріне — мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының хабарламаларына ғана сенуге шақырамыз, деп мәлімдеді Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Әсіресе балалардың қауіпсіздігіне қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату — ауыр құқық бұзушылық болып саналады және заңмен қатаң жауапкершілікке әкеп соғады.
- Тексерілмеген хабарламаларды таратпауға, қайта жолдамауға шақырамыз, деді Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через