фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елорда халқының жыл сайынғы өсімі қала инфрақұрылымына айтарлықтай жүктеме түсіріп отырғанын мәлімдеді.
Қала әкімінің айтуынша, қараша айында Астана тұрғындарының саны 1,6 миллион адамнан асты. Орта есеппен алғанда, халық саны жыл сайын шамамен 7 пайызға немесе 100 мың адамға көбейіп келеді.
Сонымен қатар маятниктік миграцияның әсерінен елордаға күн сайын 200 мыңнан астам адам қатынап келеді. Бұған қоса, қалада 100 мыңға жуық тіркелмеген азамат бар, – деді қала басшысы брифингте.
Жеңіс Қасымбек тұрғындар санының артуы инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды алдын ала дамытуды талап ететінін атап өтті.
Оның айтуынша, екі жыл бұрын қала су және жылу қуатының тапшылығына тап болған.
https://baq.kz/
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через