фото: © Эрик Романенко/ ТАСС
Оқиға "Алматы – Бангкок" бағытындағы әуе рейсінде болған
Алматыда әуе рейсінің бортында шетелдіктер төбелес шығарды, деп хабарлайды көліктегі полиция департаменті.
Шетелдік 4 азамат "Алматы – Бангкок" бағытындағы әуе рейсінде төбелес шығарған.
"Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері акті бойынша шет елдік төрт азаматты түсірді. Олардың екеуі алкогольдік масаң күйде болған. Өзара жанжал туындап, оның соңы төбелеске ұласқан", - дейді ведомство.
Әуе кемесінің бортында бұзақылық әрекеттер жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Құқық бұзушылардың екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Дерек көзі: https://sputnik.kz
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через