фото: https://pixabay.com/ru
Алдағы мереке күндері пойыз бен ұшақ билеттерінің бағасы өзгермейді. Билет бағасы жаңажылдық мерекелер кезінде және келесі жылы да көтерілмейді.
«Жалпы билеттер қымбаттамайды. Жолаушылардың елу пайыздан астамы сапарларын алдын ала жоспарлап, билетті ертерек сатып алады, тиісінше олардың бағасы да арзан болады», - деді көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров.
Сондай-ақ, вице-министр мереке қарсаңында қосымша ұшақтар мен пойыздар іске қосылатынын атап өтті.
«Әуе тасымалдаушылары қосымша ұшақтарды дайындап қойды, жолаушылар орнын көбейту де, рейс жиілігін арттыру да қарастырылған. Негізгі бағыттар – Алматы, Шымкент, Тараз. Теміржол қатынасы бойынша қосымша пойыздар жолға шығады. Қолданыстағы бағыттарға жолаушы орындарын көбейту үшін тіркемелі вагондар қосылады», – деді ол.
https://kyn.kz/
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через