фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/kadmy
Қазақстан жол апатынан қаза тапқандар саны бойынша әлемде үшінші орында тұр. Биыл елімізде 15 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның нәтижесінде шамамен 1600 адам қайтыс болды, ал 35 мыңнан астамы әртүрлі жарақат алды. Бұл деректерді БҰҰ-ға қарасты Еуропалық экономикалық комиссия жариялады. Ал жол апатынан ең көп адам қаза тапқан елдер тізімінде Ресей мен АҚШ бірінші және екінші орындарда.
Зерттеулер көрсеткендей, жол-көлік оқиғаларының шамамен 90%-ы жүргізушілердің қателіктерінен болады. Олардың ішінде ең жиі кездесетіні — жылдамдықты шектен тыс асыру, бұл көптеген қайғылы жағдайларға әкеледі. Қалған 10%-ы жаяу жүргіншілердің жол ережесін сақтамауынан туындайды.
Standard.kz
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через