Алматыда биыл жылу ерте берілетін болды

Алматыда биыл жылу ерте берілетін болды
фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/BrianAJackson

       Қалада тұрғын үйлерді орталық жылу жүйесіне қосу 10 қазаннан басталады. Бұл туралы Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы хабарлады.

       Алматыда ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жылыту маусымын әдеттегіден ертерек бастау туралы шешім қабылданды.

       Тұрғын үйлерді орталық жылу жүйесіне қосу 10 қазаннан басталады. Жылу берілген соң ПИК пен МИБ мамандары үйдің ішкі жылыту жүйесін ретке келтіреді. Радиаторлар мен тікқұбырдан ауа шығарылып, қысым реттеліп, пәтерлердің біркелкі жылынуын қамтамасыз етеді.

       «АлЖЖ» компаниясы айналым режимді іске қосқан. Бұл қажет болған жағдайда барлық ауданға жылуды жедел беруге мүмкіндік береді.

       https://kaz.inform.kz/