«Қайрат» — «Реал Мадрид»: Алматыда бірнеше көше уақытша жабылады

«Қайрат» — «Реал Мадрид»: Алматыда бірнеше көше уақытша жабылады
фото: pixabay.com

Бүгін сағат 21:45–те УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында Орталық стадионда «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы ойын өтеді, деп хабарлады Kazinform. 

Алматы полициясы жол қауіпсіздігіне ерекше назар аударылғанын хабарлады. Департамент мәліметінше, Орталық стадион маңында көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.

— Қалалық полиция департаменті тұрғындар мен қала қонақтарын алдын ала қозғалыс шектеу сызбасымен танысуға, өз бағытын түзетуге және қозғалыстағы өзгерістерді ескеруге шақырады. Азаматтарды түсіністік танытқаны және қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз. Бұл шаралар уақытша сипатқа ие және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен іс-шараның жайлы өтуіне бағытталған, — деп хабарлады полициядан.

 Алматылықтар мен қала қонақтарына ыңғайлы болуы үшін «Қайрат» пен «Реал Мадрид» матчынан кейін стадионнан тегін автобустар жүреді.