Қазақстандықтар алтын сатып алуды азайтқан

Қазақстандықтар алтын сатып алуды азайтқан
фото: pixabay.com

Қазақстандықтар алтын сатып алуды азайтқан. Биылғы жылдың екінші жартысында алтын алатындардың саны алғашқы жартыжылдықпен салыстырғанда 2,2 есе азайған. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бірінші кредиттік бюро сарапшыларының ақпаратынша, Ұлттық банк биылдан бастап халыққа алтын сату деректерін жаңа әдіспен есептей бастады. Бұрын банктер мен айырбастау пунктері сатқан құймалар көлемін ғана көрсетіп, кері қайтарылғандары есепке алынбайтын. Енді сатқанын да, қайтарғанын да санамақ. Ал бұл әдіс алтын сатылымы көлемінің тоғыз есе азайғанын көрсетіп отыр.

Фото: pixabay.com.

Алтын – бағалы металдардың ішіндегі негізгісі. 

Әлемдік нарықтарда оның бағасы өте тұрақты. Әлемде талай дағдарыс болғанын білеміз. Сол түрлі кризис кезінде алтын өз бағасын жоғалтқан емес. Өмірлік тәжірибе көрсеткендей, керісінше, осындай дағдарыс сәтінде алтынға деген сұраныс арта түседі екен. Мысалы, осыдан 10 жыл бұрын алтынның бір унциясы 1411,23 долларға бағаланса, биылғы орташа бағасы – 1937,19 доллар. Сол себепті, алтын орталық банктер үшін тұрақтандырушы рөл ойнайды, деп жазды azattyq-ruhy.kz.

ҚазАқпарат мәлім еткеніндей, Қазақстан алтын қорын көбейткен 10 елдің қатарына енді. Кейінгі 10 жылда алтын сатып алуды арттырған елдердің тізімі жарияланды. Көш басында Ресей тұр. Ресей тұр. Көрші ел 1298 тонна алтын сатып алған. Қытай да алтын қорын біршама арттырған: 1181 тонна алтын сатып алыпты. Үшінші орында – Түркия. Бұл елдің алтын қоры 424 тонна алтынға толыққан.
Бұдан бөлек Польша, Үндістан, Өзбекстан, Қазақстан, Сингапур, Ирак және Таиланд тұр.

Алтын қорын көбейткен елдер ( 2013 - 2023 жж.):

1. Ресей – 1298 тонна
 

2. Қытай – 1181 тонна

3. Түркия – 424 тонна

4. Польша – 256 тонна

5. Үндістан – 246 тонна

6. Өзбекстан – 154 тонна

7. Қазақстан – 151 тонна

8. Сингапур – 103 тонна

9. Ирак – 100 тонна

10. Таиланд – 92 тонна