фото: www.gov.kz
Қазақстанда мыңдаған адам өмірге маңызды орган – жүрек, бауыр, бүйрек трансплантациясына кезекте тұр. Елде органдарды сатып алу/сатуға ресми түрде тыйым салынған және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сондықтан науқастарға тек күтуден басқа жол жоқ. Дегенмен Қазақстан заңнамасында органдарды сыйлау немесе алмасуға тікелей тыйым жоқ. Орган донорлығы ерекшеліктерін Tengrinews.kz тілшісі зерттеп көрді.
Орган донорлығы: заңнамада не көрсетілген
Қазақстан ІІМ "Адамның органдарын (органның бір бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бір бөлігін) трансплантациялау және оларды алу шарттары" мен "Органдар мен тіндерді мәжбүрлеп алу немесе заңсыз алу" секілді баптардың бар екенін еске салды. Бұл баптарды бұзғаны үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.
"Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бастамашылар қатарында ішкі органдарын сатуға бел буған азаматтардың өздері де, сондай-ақ, донорлар мен рецепиенттерді, орган ауыстыруға мұқтаж және оны сатып алуға дайын адамдарды іздеумен айналысатын делдалдар (үшінші тұлғалар) да болады", – делінген Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына ведомство берген жауапта.
Сонымен қатар, ұлттық заңнамада органдарды сыйлауға немесе алмасуға тікелей тыйым салынбаған. Ақмола облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Нұрлан Жанабаевтың пікірінше, бұл – орган саудасы саласындағы айлая-шарғыға жол ашатын заңнамалық олқылық емес.
"Ресми трансплантациялық протокол аясында органдар тек қана қатаң медициналық, этикалық және құқықтық рәсімдер сақталған жағдайда тегін берілуі мүмкін. Мұндай тетіктер көзделген және Денсаулық сақтау министрлігі мен ІІМ секілді уәкілетті органдардың бақылауында", – деді заңгер.
https://kaz.tengrinews.kz/
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через