фото: pixabay.com
Интернет-алаяқтардың жаңа схемасы таралып жатыр. Бұл туралы Астана қаласының Полиция департаменті ескертеді.
Алаяқтар ең алдымен танымал мессенджерлер мен қосымшаларда интернет арқылы «оңай табыс табу» жөнінде жалған хабарландырулар орналастырады, деп жазды qazaqstan.tv. Келіскен адамға SIM-карталарды сатып алып, оларды жалға беруін сұрайды және ақша төлейтінін уәде етеді.
Астанада дәл осындай хатқа 14 жастағы жасөспірім сеніп, қылмыскерлерге басқа мессенджерлерді пайдалануға жол ашып берген. Осы дерек бойынша оның ата-анасы бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Рамиль Иманқұлов, Астана қаласы Полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқарма бастығының орынбасары:
Еске саламыз, SIM-карталарды және жеке деректерді үшінші тұлғаларға беру қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Мұндай деректер қылмыстық сызбаларда пайдаланылуы ықтимал. Азаматтарды қырағы болуға және жеңіл табыс туралы күмәнді ұсыныстарға алданбауға шақырамыз.
Материал qazaqstan.tv сайтынан алынды.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через