фото: polisia.kz
Келесі жылдан бастап елімізде көлік салығының тәртібі өзгереді. Жаңа Салық кодексіндегі түзетулер әсіресе қозғалтқыш көлемі үлкен әрі ескі көлік иелері үшін жеңілдік әкелмек. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Елімізде 5 жарым млн-нан аса жеңіл көлік бар. Соның 4 миллионы салық жеңілдігіне ілігеді. Мысалға, егер көлікке 11 жылдан 20 жылға дейін уақыт өтсе 30 пайыз, ал 21 жылдан асса, 50 пайыз жеңілдік қарастырылған.
Дархан Бисенәлиев, ҚР ҚМ МКК өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру басқармасы басшысының орынбасары:
10-20 жылдан асқан көлік құралдары негізінен шалғай аудандарда қолданады азаматтар. Өткен жылдары мысалы, салық сомасы 300 мыңнан 500 мыңға жететін болатын. Бұл мысалы салоннан шыққан жаңа көліктер үшін салынатын салықпен бірдей болды, сондықтан да азаматтардың ұсыныстары бойынша осындай түзету коэфициенттері арқылы жасы 10-20 жылдан асқан көліктер үшін салық мөлшері төмендетілді.
Салық азайды деп елге ескі көлік қаптап кетпейді. Өйткені, кедендік баж салығы мен алымдар сол қалпында тұр. Тиімсіз. Салықты төмендетуге қатысты экологтардың пікірі қайшы. Олар тіпті Алматы қаласына ескі көліктердің кіруіне шектеу енгізуді немесе ақылы ету туралы ұсыныс қарастыруда. Сарапшы Олжас Байділдинов болса, көлікке салықты мүлде алып тастау керек дейді.
Олжас Байділдинов, «Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің мүшесі:
Менің 2013 жылы айтқан ұсынысым бар. Яғни көлікке салықты мүлде алып тастап, оны бензиннің құнына қосу керек. Менің есебім бойынша, шамамен әр литрге 5-7 теңге аралығында қосылады. Бұл әділ шешім болар еді. Кім қанша жүрді, сонша төлейді.
Дамыған Еуропа, Жапония сияқты елдерде, керісінше ескі көліктерге қосымша салық салынады екен. Ал халық біздегі көлік салығына қатысты өзгерісті оң бағалап отыр.
Жаңа Салық кодексі келесі жылдан бастап заңды күшіне енеді.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через