Баланы смартфоннан ажырату үшін не істеуге болады

Баланы смартфоннан ажырату үшін не істеуге болады
фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/FreshSplash

Тыйым салу — ескірген әдіс. Ендеше, ақыл мен  айланы ұштастыра әрекет ету маңызды. Almaty.tv бірнеше лайфхак ұсынады.

  1. Смартфонға балама ұсын.

Бала смартфонда қандай ойын ойнайды. Дәл сондай физикалық ойыншық не үстел ойынын тауып беріңіз. 

  • Лего, конструктор, сурет салу, пазл — қолды жұмысқа тартатын іс.
  • Үй ішіндегі «квест ойыны»
  • Ауладағы белсенді ойындар: доп, самокат, ролик.
  1. Экран уақытын бірге басқар

Бала уақытына өзі жауапты болуы үшін «уақыт таймерін» орнатып көріңіз.

Баланың гаджет қолдану уақытын ортақ келісіммен реттеңіз:

  • «30 минут видео көріп, 1 сағат таза ауада ойнаймыз».
  • «Сенбі-жексенбі күндері мультфильм көреміз, таза ауада серуендейміз».
  1. Үлгі көрсетіңіз.

Кім ұзаққа шыдайды? «Телефонсыз 1 сағатқа челлендж» жасап көріңіз. 

  • Үнемі телефонға үңіліп отырсаңыз, бала да соны қайталайды.
  • Тамақ үстінде, ұйқы алдында өзіңіз де телефон ұстамаңыз.
  • Бірге тамақ жасау, сурет салу, қыдыру — жақсы альтернатива.
  1. Смартфонды «жұмыс құралына» айналдыр.

Телефонды «үй тапсырмасын орындаған соң қолданатын құрал» етіп көрсетіңіз.

  • Аудиоертегі, кітап қосыңыз.
  • Бірге видео түсіріп, монтаждауды тапсырыңыз. 
  • Тілді бірге үйреніңіз.
  1.  Бірге уақыт өткізу — ең мықты тәсіл

Бала асыға күтеді. «Әке немесе ана сағаты» деп арнайы уақыт бөліңіз.

  • Бала неге қызығады? Сол тақырыпта бірге іс жасаңыз.

Үйдегі қалыптасқан ережені сіз де қадағалаңыз:

  • Кешкі уақытта интернетті автоматты өшіріңіз.
  • Смартфонды ұйықтайтын бөлмеге кіргізбеңіз.

Бала көргенін істейді. 

https://almaty.tv/kz/