фото: https://www.youtube.com/watch
Ақтөбеде киік етін сатып алушылар көбейген. Келісі небәрі 1800 теңге тұратындықтан, киік етіне сұраныс артып отыр.
Жаз басында түз жануарын аулауға экология министрлігі рұқсат берген. Екі жыл бұрын киікті аулап алып, кейін еті жарамай, далада қалғаны бізге үлкен сабақ болды дейді шенеуніктер.
Ақтөбедегі базарда айналдырған екі күн ішінде киік етінің төрт тоннасы өтіп кетіпті. Сұрап келушілер жетерлік. Тұрғындардың дені бағасына қызығады. Сиыр мен жылқы етінен екі есе арзан. Ақбөкеннің төрт аяғын түгелдей бүтін алса, 30 теңгеге шығады. Ал келісін 1800 теңгеден сатып тұр.
Бұрын-соңды киік еті Ақтөбеде бұлай ашық сатылмаған. Тек 80 жылдардың соңында ғана дүкенге шығарылған. Сондықтан бағасына жұрт қызыққанымен, оны кәдеге жарату жағын көбі біле бермейді. Сорпаға татымайды.
Мамандар киік еті денсаулыққа пайдалы деп отыр. Диета ұстап, өзін баптап қалған адамдар алса болады деп кеңес береді. Себебі, еті майлы емес, құнары жоғары. Ал кәуапқа жарай бермейді.
Осыдан екі жыл бұрын Оралдан ауланған ақбөкен етін Ақтөбеге әкелгенде тұрғындар қызыққан. Бірақ құжаты болмай, соңы шуға айналып, еті кәдеге жарамай қалған. Биыл ет өткізу жағын жолға қойыпты.
Ақтөбеге көршілес Батыс Қазақстан мен Қостанай облысында ақбөкен аулауға рұқсат берілген. Етін арнайы цехтарға өткізіп, сол арқылы ғана сатылымға шығады.
https://kaz.nur.kz/
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через