Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға үндеу жасады

Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға үндеу жасады
фото: www.ktk.kz

Мемлекеттік кірістер комитетінің Telegram арнасында жарияланған ақпаратқа сенсек, мекеме басшылығының атынан WhatsApp және Telegram арқылы жалған хабарламалар жіберу жағдайлары жиілеп кетті. Хабарламаларды интернет-алаяқтар таратып отыр.

"Осыған байланысты, Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды сақ болуға шақырады және мынадай кеңестер береді:

  • күмәнді хабарламаларға сенбеу;
  • бөгде сілтемелерге өтпеу;
  • белгісіз тұлғаларға ақша аудармау;
  • алынған хабарламалардың шынайылығын міндетті түрде тексеру", - делінген мекеме хабарламасында.

https://kaz.nur.kz/