
фото: pixabay.com
Алакөл өңірінде туристік маусымның қызу кезеңінде демалушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында медициналық қызмет күшейтілді, деп мәлімдеді informburo.kz сайты.
Туристер санының жыл сайын артуына байланысты Ақши ауылдық амбулаториясы базасында тәулік бойы бір медициналық бригада үздіксіз кезекшілік атқаруда.
"Аймақ екі жедел жәрдем көлігімен қамтамасыз етілген. Оның бірі – облыстық 103 жедел жәрдем қызметіне, ал екіншісі – аудандық орталық ауруханаға тиесілі. Бүгінде Алакөл ауданында 38 денсаулық сақтау мекемесі жұмыс істейді. Олардың қарамағында 260 төсек-орын, 135 дәрігер және 575 орта буынды медицина қызметкері тұрғындар мен туристерге қызмет көрсетуде. Сонымен қатар, медициналық мекемелер дәрі-дәрмекпен 100 пайыз қамтамасыз етілген", – деп түсіндірді Алакөл ауданының әкімі Алмас Әбдинов.
Аудан басшысының айтуынша, соңғы жылдары өңірде денсаулық сақтау саласына қомақты қаражат бөлініп, медициналық инфрақұрылым біршама жақсарған.
"Бүгінгі күнге дейін аудан аумағында 1 фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) пен 7 дәрігерлік амбулатория (БМК) орнатылып, 11 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізілді", – деп қосты әкім.
Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, бұл шаралар туристерге қауіпсіз әрі сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через