
фото: https://pixabay.com/ru/
Іздестіру пилотсыз ұшу аппаратының көмегімен жүргізілді
ТЖМ құтқарушылары 9 жылқыны суға кетуден құтқарды, деп хабарлады ведомсвтоның баспасөз қызметі.
Ақмола облысында Есіл өзенінің деңгейі жоғарылаған. Соның салдарынан 9 жылқы судың ортасында қалып қойған.
Жылқыларды су тұтқынынан құтқару үшін ТЖМ қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар көмекке келді. Іздестіру пилотсыз ұшу аппаратының көмегімен жүргізілді.
Құтқарушылар жылқыларға жүзу құралдарымен жетіп, оларды қауіпсіз жерге айдап шығарды.
ҚазАқпарат
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через