
фото: https://tengrinews.kz
Қытайда толассыз жауған жаңбыр лай көшкініне ұласып, 29 адам жоғалып кетті.
Апат Сычуань провинциясының оңтүстік-батысында болған. Екі тұрғын құтқарылған. Біреуінің жарақаты ауыр. Лай көшкіні 11 үйді басып қалған. 200 кісі қауіпсіз жаққа көшірілді. Билік азық-түлік, жылы көрпе-жастық сияқты қажетті заттарды шұғыл жеткізген.
Президент Си Цзиньпин іздеу-құтқару жұмысын жеделдетуді тапсырды. Табиғи апат салдарымен күреске 11 миллион доллар бөлінген.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через