Нәпақа табу үшін шетелге баратындар тіркеуге алынады

Нәпақа табу үшін шетелге баратындар тіркеуге алынады

фото: https://pixabay.com/

Жұмыс істеу үшін шетелге шығатын қазақстандықтарды тіркеу енгізіледі

Тіркеу және бақылау механизмін 2027 жылдың екінші тоқсанында енгізу жоспарланып отыр

Еңбекті қанау мен адам саудасының алдын алу үшін шетелге шығатын жұмысшыларды тіркеу енгізіледі, деп хабарлады Үкімет.

Тіркеу және бақылау механизмін 2027 жылдың екінші тоқсанында енгізу жоспарланып отыр.

Ішкі істер министрлігі мен Сыртқы істер министрлігі жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктерін тексеріп, интернеттегі адам саудасына ықпал етуі мүмкін хабарландыруларды анықтайды. Мұндай хабарламаларға қолжетімділік "Кибербақылау" жүйесі арқылы немесе сот шешімімен шектелуі мүмкін.

Тағы бір шара - мектеп, аурухана және әлеуметтік қызметкерлерін оқыту. Оларға нәресте саудасы мен заңсыз асырап алу жағдайларын қалай анықтау керектігі үйретіледі.

Зардап шеккендерге дағдарыс орталықтарында көмек көрсетіледі.

Бұл шаралар үкіметтің 2027-2029 жылдарға арналған адам саудасына қарсы күрес жоспарына енгізілген.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите