Ел мектептерінде 180 стоматологиялық кабинет ашылды

Ел мектептерінде 180 стоматологиялық кабинет ашылды

фото: https://pixabay.com/

Қазіргі норматив бойынша 700 оқушыға бір мейірбике бекітілген

Денсаулық сақтау министрлігі мектептерде стоматологиялық кабинет ашу жұмысы бойынша есеп берді,- деп хабарлайды «Сапалы Қазақстан» порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Былтыр министрлік "Болашаққа сау тіспен" жол картасын іске асыруға кіріскен болатын. Соның аясында мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашыла бастады.

"Қазіргі кезде шамамен 180 стоматологиялық кабинет ашылды. Біз осы жұмысты жалғастыратын боламыз", - деді Сұлтанғазиев Құрылтайдың бүгінгі отырысында.

Осы орайда вице-министр барлық мектепте медициналық пунттер ашылғанын ерекше айтты. Бірақ соның 95%-ында мейірбике бар.

"Қазіргі норматив бойынша 700 оқушыға бір мейірбике бекітілген. Сонымен қатар бір дәрігер 2000 оқушыға қызмет көрсетеді", - деді Сұлтанғазиев.

Айта кетері, мектепте оқушылардың саны 50 баладан кем болса, медициналық пункт ашылмайды.

Дерек көзі:https://sputnik.kz

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите