"Бүркіт" арнайы жасағының тарихында алғаш рет қыз жауынгер қызмет етеді

"Бүркіт" арнайы жасағының тарихында алғаш рет қыз жауынгер қызмет етеді

фото: ҚР Ұлттық ұланы телеграмм

Қымбат – алты дүркін Қазақстан чемпионы.
Ұлттық ұланның "Бүркіт" арнайы жасағының қатарына алғаш рет қыз әскери қызметші қабылданды.
"Китана" бүркеншік атымен танылған Қымбат бұған дейін халықаралық жарыстарда Қазақстан намысын қорғаған.

Оның арнайы жасаққа келуіне Дубайда өткен SWAT Challenge халықаралық жарысы себеп болған. Қымбат бұл додада Қазақстан атынан өнер көрсеткен "Томирис" қыздар командасының құрамында бақ сынады. Әйелдер санатында қазақстандықтар бірінші орын иеленсе, жалпы командалық есепте 18-орынға тұрақтады. Нәтижесінде бірқатар ерлер құрамасынан жоғары көрсеткіш көрсетті.
Жарыс кезінде мергендігімен көзге түскен Қымбатқа "Бүркіт" арнайы жасағы қызметке орналасуды ұсынған. Ол ұсынысты қабылдап, бөлімше тарихындағы алғашқы қыз әскери қызметші атанды.
Қымбаттың спорттағы жетістіктері де аз емес. Ол қоян-қолтық ұрыстан алты дүркін Қазақстан чемпионы, әлем чемпионатының күміс және екі қола жүлдегері. Сондай-ақ әлем кубогы, Еуропа және Азия чемпионаттарында күміс медаль жеңіп алған.
Бұдан бөлек, джиу-джитсудан үш дүркін әлем және Азия чемпионы, екі дүркін Еуропа чемпионы атанған. ММА бойынша Қазақстан және Азия чемпионы, жауынгерлік самбодан ел чемпионы әрі әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Дүниежүзілік полиция ойындарында дзюдодан алтын, джиу-джитсудан күміс медаль иеленген. Қоян-қолтық ұрыс пен джиу-джитсудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, самбо және ММА спорт шебері.
Қазір Қымбаттың басты мақсаты – күрең берет сынағынан өту. Бұл сынақтан сүрінбей өтсе, Ұлттық ұлан тарихында күрең беретке ие болған алғашқы қыз жауынгер атанбақ.


Дерек көзі: https://inbusiness.kz
 

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите