Алматыға сән беріп тұрған тәттілердің арт-обьектісі

Алматыға сән беріп тұрған тәттілердің арт-обьектісі

фото: Алматы әкімшілігінің баспасөз қызметі

Қала өнер нысаны жаңартылатын қоғамдық кеңістіктің және болашақ гастрономиялық көшенің бөлігі болады деп үміттенеді

Алматыдағы әйгілі "Рахат" кондитерлік фабрикасына қарама-қарсы үлкен шоколад барлары мен кәмпиттер түріндегі жаңа арт-объект орнатылды, деп хабарлады «Сапалы Қазақстан» порталы мегаполис әкімдігі жаңалығына сілтеме жасап.

"Композиция фабриканың танымал өнімін және оның Алматының гастрономиялық мұрасына қосқан үлесін білдіреді. Бұл қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа фотоаймақ болмақ", - делінген хабарламада.

Қала өнер нысаны жаңартылатын қоғамдық кеңістіктің және болашақ гастрономиялық көшенің бөлігі болады деп үміттенеді.

Зауыт орналасқан кварталда ("Көк базардың" жанында) қоғамдық кеңістіктер абаттандырылып, жаяу жүргіншілер инфрақұрылымы жаңартылуда. Негізгі жұмыстарды 2026 жылдың желтоқсан айының ортасына дейін аяқтау жоспарлануда.

Дерек көзі: https://ru.sputnik.kz

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите