Медициналық туризмді дамыту жоспары әзірленді

Медициналық туризмді дамыту жоспары әзірленді

фото: pavelandreev.org

Медициналық туризмді дамытудың 2026-2029 жылдарға арналған ведомствоаралық жоспары әзірленді. Бұл туралы Құрылтай депутаттарының сауалына Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің жауабында айтылған.

- Санаторий-курорттық және туристік қызмет бойынша мәселелер заңнамалық деңгейде ажыратылған. Қазіргі уақытта санаторий-курорттық қызмет пен медициналық туризмді кешенді дамыту мақсатында Үкімет мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасында медициналық туризмді дамытудың 2026–2029 жылдарға арналған ведомствоаралық жоспарын әзірледі,- деді вице-премьер.

Оның айтуынша, ведомствоаралық жоспарды іске асыру қатысушылардың қызметін үйлестіруге, шетелдік пациенттерге арналған қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ елде медициналық туризмді кешенді дамыту үшін жағдай жасауға мүмкіндік беретін кешенді тәсілді көздейді. Атап айтқанда, ведомствоаралық жоспарда мынадай іс-шаралар көзделген:

- медициналық ұйымдардың және (немесе) санаторий-курорттық ұйымдардың медициналық туризм аясында көрсететін қызметтерін есепке алу тәртібін әзірлеу;

- медициналық туристерді ұйымдастырушылық, ақпараттық және өзге де алып жүру үшін медициналық ұйымдардың, ұлттық және ғылыми орталықтардың, ғылыми-зерттеу институттарының және (немесе) санаторий-курорттық ұйымдардың құрылымында медициналық туризм қызметтерін ұйымдастыру.

-Сонымен қатар ведомствоаралық жоспардың медициналық туризмді ілгерілетуге, пакеттік ұсыныстар қалыптастыруға, цифрлық платформаны дамытуға және шетелдік пациенттер үшін қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған жекелеген іс-шаралары санаторий-курорттық ұйымдардың медициналық туризм саласына қатысуын кеңейтуге ықпал етуі мүмкін. Қазіргі уақытта ведомствоаралық жоспар мемлекеттік органдарда келісу кезеңдерінен өтіп жатыр, - деді Серік Жұманғарин.

https://kaz.inform.kz/



 

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите