Кітапсүйер қауымның қарасы көбеюде

Кітапсүйер қауымның қарасы көбеюде

фото: https://stan.kz/

Алматыдағы Kitapal кітап дүкенінде кітапсүйер қауымның қарасы көбейді. Бұған кітаптарға жарияланған 50 пайыздық жеңілдік себеп болған. Тиімді ұсынысты пайдаланғысы келген тұрғындар дүкенге ағылып, кітап таңдау үшін кезек күтуге мәжбүр болды.

Оқиға орнынан түсірілген фотолар әлеуметтік желіде таралып, қызу пікірталасқа түрткі болды. Кадрларда кітап сөрелерін жағалай жүрген оқырмандар мен өз кезегін күткен адамдарды көруге болады.

Дүкенге келгендердің арасында кітап қорын толықтырғысы келген жастар да, өзіне қажетті шығарманы іздеген ересектер де бар. Бірі көптен бері алғысы келген кітабын тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік алса, енді бірі жеңілдікті пайдаланып, бірнеше туындыны қатар таңдаған.

Желі қолданушыларының назарын тек ұзын кезек емес, адамдардың бір-біріне түсіністікпен қарап, сабыр сақтауы да аударды. Көпшілік бұл көрініске әзілмен пікір білдіріп, кітап оқуға ниеттенгендердің қатары аз емес екенін атап өтті.

«Бір кітап оқи қояйын деп едім, бүкіл Алматы сондай шешімге келіпті ғой», – деген пікір де көпшіліктің көңілінен шықты.

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите