Астанада балабақшада бүлдіршін ыстық сорпаға күйіп қалды

Астанада балабақшада бүлдіршін ыстық сорпаға күйіп қалды

фото: turkystan.kz

       Бір жарым жастағы баланың денесінің 10 пайызын III дәрежелі күйік шалған. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.

       Астанадағы балабақшалардың бірінде бір жарым жастағы бала ыстық сорпаға күйіп, денесінің 10 пайызын күйік шалған. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

       Полицияның мәліметінше, оқиға 2 қазанда болған. Салдарынан бүлдіршін III дәрежелі күйік алған. Қазіргі уақытта бала үй жағдайында ем қабылдап жатыр.

Кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді балабақша қызметкерінің тиісінше орындамау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында бейнебақылау камераларының жазбалары алынып, зерделеніп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, – делінген Астана қаласы Полиция департаментінің жауабында.

       Құқық қорғау органдары бүлдіршіннің қандай жағдайда күйік алғанын анықтап, жауапты тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға береді.

       Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.

       https://baq.kz/

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите