АҚШ-та өткен халықаралық дрон жарыстарында қазақ жастары жүлдегер атанды

АҚШ-та өткен халықаралық дрон жарыстарында қазақ жастары жүлдегер атанды

фото: https://pixabay.com/

Қазақстандық оқушылар халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жас ұрпақтың ғылым мен заманауи технологияларды меңгеруіне, инженерлік және инновациялық қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Астана халықаралық әуежайында АҚШ-та өткен дрон спорты бойынша екі халықаралық жарыста үздік бестікке енген қазақстандық оқушыларды қарсы алды. Министр жас спортшыларды жетістіктерімен құттықтап, алдағы жарыстарға сәттілік тіледі.

12 жастағы Әлихан Нсанбаев Даллас қаласында өткен MultiGP World Championship 2026 әлем чемпионатында 44 елден қатысқан 830 спортшының арасынан бесінші орын иеленді. Ал Лонг-Бич қаласында өткен USA Drone Soccer International Cup 2026 турнирінде Қазақстан құрамасы 16 команданың арасында үздік бестікке енді. Ел намысын Орал және Атырау қалаларынан келген Наурызбек Есетов, Алдияр Бауыржан, Әлихан Нсанбаев және Альтаир Әбілғазиев қорғады.

Жас спортшылар халықаралық жарыстарға қатысу жолдамаларын Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы "Aspandrone" қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, "Dronly Ltd." компаниясының қолдауымен ұйымдастырған Kazakhstan Drone Championship & Cup республикалық турнирінің қорытындысы бойынша иеленді. Аталған серіктестердің қолдауымен ұлттық құраманың халықаралық жарыстарға қатысуы қамтамасыз етілді.

Дерек көзі: https://inbusiness.kz

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите