ЖИ күйзелістің алдын алуға көмектеседі

ЖИ күйзелістің алдын алуға көмектеседі

фото: yandex.kz

       Енді балабақшадағы тәрбиешілерді Жасанды интеллект қадағалайды. Олардың шаршаған, шаршамағанын, бойында күйзелістің бар-жоғын анықтап береді. Бала бағу оңай емес, әрине. Қолды-аяққа тұрмайтын кішкентайларды көзден таса қылуға болмайды. 

       Ал күнұзаққа баламен алысқан тәрбиеші шаршайды. Петропавлдағы балабақша осыны ескеріп, арнаулы демалыс хабын ашқан. «Бұл жобаның баалмасы жоқ», - дейді өздері. Бұдан бөлек Жасанды интелект мекемедегі тәртіпті де бақылап отырады. 

       Балабақшада 320 бүлдіршін тәрбиеленеді. Қолды-аяққа тұрмайтын ойын баласының күнұзағы бабын тауып, білім мен тәрбие беретін мамандарға төзімнің қажет екені даусыз. Эмоционалдық демалыс хабын ашудағы мақсат –тәрбиешілердің уақытылы тынығып, күш жинауына мүмкіндік беру. Сергіп алса, қызметі де сапалы болмақ.

       Кез келген педагог жұмыс алдында, үзіліс кезінде немесе жұмыстан тыс уақытта хабтың игілігін көре алады. Оның ішінде эмоционалды жай-күйі сыр беріп, шаршап жүрген маманды Жасанды интеллект бірден анықтайды. Ондай жағдайда демалыс түрін ұсынады. Сергіп, күйзелістен арылуына көмектеседі.

       Жасанды интеллект балалардың қауіпсіздігін де қадағалайды. Мұнда 64 бейнекамера орнатылған. Нейрожелі мектепте төтенше жағдай туындаса, бірден дабыл қағады. Балалар арасындағы жай жанжал мен буллингті ажыратып, ересектер тарапынан оғаш әрекет байқалса, оны да анықтайды. Мамандар бұл қанатқақты жоба оң нәтиже берсе, жүйені мектептерге жаппай енгізу мүмкіндігін қарастырмақ. Осы ретте өңірде цифрлық сауаттылықты дамытуға да мән беріліп жатыр.

       Айта кетейік, облыста 439 мектеп бар. Биыл білім беру ұйымдары 73 мыңнан астам оқушыны қабылдады.

       https://24.kz/kz/

 

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите