Ұлттық статистика бюросы пайдаланушыларға арналған жеке кабинетте жасанды интеллект негізінде әзірленген аналитикалық чат-ботты тестілік режимде іске қосты. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы inbusiness.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңа сервис "Статистикалық бизнес-тіркелім" бойынша қажетті аналитикалық ақпаратты жедел алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ол пайдаланушылардың статистикалық деректермен жұмыс істеуін жеңілдетуге бағытталған.
Бюроның хабарлауынша, чат-боттың негізгі ақпарат көзі – "Статистикалық бизнес-тіркелім" ақпараттық жүйесі.
Оның базасында Қазақстанда тіркелген заңды тұлғалар, олардың филиалдары, шетелдік компаниялардың филиалдары және жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы мәліметтер жинақталған.
Қазір жаңа сервис сынақ режимінде жұмыс істеп тұр.