Өнердің жібек жолы

Өнердің жібек жолы

фото: www.instagram.com

       25 қыркүйекте Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде белгілі қазақстандық суретші Батима Заурбекованың 80 жылдығына арналған «Мұра жіптері» атты ретроспективті жеке көрме ашылады.

       Батима Заурбекова – ұлттық сәндік-қолданбалы өнердің дамуына елеулі үлес қосқан өнер қайраткері. Қазақстандағы «гобелен дәуірінің» қалыптасуына атсалысқан суретшінің шығармашылығында ұлттық мәдениет, тарих, табиғат, отбасы және ұрпақтар сабақтастығы кеңінен көрініс тапқан.

       Көрмеге суретшінің 80-нен астам туындысы қойылады. Олардың қатарында гобелен, кескіндеме және графикалық жұмыстармен бірге шығармашылық ізденістерін танытатын эскиздер, мұрағаттық фотосуреттер мен бейнематериалдар да бар.

       Көрме төрінен «Кеңістік», «Ана-Жер», «Ана болу» секілді танымал гобелендерді де тамашалауға болады. Бұл туындылар суретшінің ұлттық дүниетанымды заманауи өнер тілімен сабақтастыра білгенін аңғартады.

       «Мұра жіптері» көрмесі 8 қарашаға дейін жалғасады. Келушілерді музей күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды. Дүйсенбі – демалыс күні. Өнерді бағалайтын көрермен үшін бұл – ұлттық рух пен көркемдік дүниені жақыннан танып, тағылымды туындыларды тамашалауға тамаша мүмкіндік.

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите