"Ақиқат" - ғасырдан сыр шерткен басылым

"Ақиқат" - ғасырдан сыр шерткен басылым

фото: www.instagram.com

       Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында қазақ баспасөзінің тарихында айрықша орны бар «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының 105 жылдығына арналған тағылымды шара өтті.

       «Заман мен зиялы мінбері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция барысында ғасырдан астам тарихы бар басылымның жүріп өткен жолы, ұлттық журналистикадағы орны мен рухани мұрасы сөз болады. Сонымен қатар «Алаштың «Ақиқаты» атты мерейтойлық кітаптың тұсаукесері өтті.

       1921 жылы жарық көрген «Ақиқат» журналы әр жылдары елдің көрнекті қайраткерлері мен қаламгерлерінің басын қосып, ұлттың қоғамдық ойы мен мәдени шежіресіне өзіндік із қалдырды. Сәкен Сейфуллин, Смағұл Сәдуақасов, Нығмет Нұрмақов, Ораз Жандосов сынды тұлғалар басшылық еткен басылымда қазақ әдебиеті мен қоғамдық ойдың айтулы шығармалары алғаш жарияланды.

       Мерейтойлық жиынға журналдың ардагерлері, тарихшылар, ғалымдар мен белгілі журналистер қатысты.

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите