«Мені іздемеңдер». 9 жасар бала ата-анасына «пранк» жасаған

«Мені іздемеңдер». 9 жасар бала ата-анасына «пранк» жасаған

фото: Видео скрині

Абай облысының Мақаншы ауданында сабақтан кейін үйіне оралмаған тоғыз жастағы оқушыны полицейлер 10 минут ішінде тапты. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы baribar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

ІІМ мәліметінше, мектептен кейін үйіне келген бала ауладағы шаруашылық құрылысына жасырынып, сол жерде ұйықтап қалған. Ал оның анасы үй маңынан баласының «Мама, папа, мені іздемеңдер, бір күні қайтып келемін» деген жазбасын тауып алған.

Осыдан кейін әйел дереу полицияға хабарласқан.

Баланы полиция 10 минутта тапты

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары баланы іздеуге кіріскен. Полиция қызметкерлерінің көлік сиренасының дауысын естіген оқушы ұйқысынан оянып, жасырынған жерінен өзі шыққан.

Осылайша баланың жоғалғаны туралы хабар түскеннен кейін шамамен 10 минут ішінде оның қайда екені анықталды.

Бала не үшін жасырынғанын түсіндірді

Полиция мәліметінше, оқушы ата-анасына ешқандай қауіп төнбегенін айтып, мұның бәрін әзіл ретінде жасағанын түсіндірген. Яғни ол ата-анасына «пранк» жасағысы келген.

Полиция ата-аналарға балалармен мұндай жағдайлардың салдары туралы сөйлесіп, олардың қауіпсіздігіне қатысты әзіл-қалжың жасамау керегін түсіндіруге шақырды.

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите