Зерттеушілер күн жүйесінен тыс орналасқан ғаламшардан шыққан радиосигналды алғаш рет тікелей тіркеді.
Бұл жерден 63 жарық жылы қашықтығында орналасқан, Юпитерден шамамен 10 есе үлкен газды гигант Beta Pictoris b туралы болып отыр. Гарвард және Орегон университеттерінің ғалымдары сигналды Оңтүстік Африкадағы радиотелескоптар желісінің көмегімен тіркеді.
Ғалымдар бұл сигналдың бөгдеғаламшарлықтарға еш қатысы жоқ екенін ескертеді. Beta Pictoris b – қатты беті жоқ газ ғаламшары, сондықтан онда қалыпты тіршіліктің болуы мүмкін емес. Негізгі жаңалық зерттеушілердің радиосигналдың орталық жұлдыздан емес, ғаламшардың өзінен тарап жатқанын алғаш рет дәлелдеуінде болып отыр.
Сала мамандары алыстағы квазарларды бағдар ретінде пайдаланып, сәулелену көзін жоғары дәлдікпен анықтады. Алынған сигналдың сипаты арқылы экзоғаламшардың магнит өрісінің қуатын тікелей бағалауға мүмкіндік туды. Бұған дейін мұндай нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмаған.
Beta Pictoris b өз өсін жылдам айналады: ондағы бір тәулік бар-жоғы 8-9 сағатқа созылады. Зерттеушілердің айтуынша, ғаламшардағы аса қуатты магнит өрісі дәл осы жылдам айналу қозғалысына тікелей байланысты. Енді зерттеу тобы осы әдісті көршілес бес жұлдыз жүйесіндегі тағы жеті алып экзоғаламшарға қолдануды жоспарлап отыр.
Дерек көзі: https://inbusiness.kz