Қазақстанға циклон жақындап келеді: Ауа райы өзгереді

Қазақстанға циклон жақындап келеді: Ауа райы өзгереді

фото: gorodovoy.ru

       17–19 қыркүйекте еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы құбылады. Батыс пен солтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ал оңтүстікте күн жылы әрі жауын-шашынсыз болады. 

       Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері ел аумағындағы ауа райы жиі өзгермек. Қазақстанның басым бөлігіне салқын әрі жауын-шашынсыз күн райын әкелген антициклон біртіндеп шегінеді.

       Оның артынан еліміздің батысына циклон келеді. Кейін ол солтүстік өңірлерге қарай жылжып, жаңбыр мен найзағайға, желдің күшеюіне себеп болады.

       Ал оңтүстік өңірлерге Өзбекстан жақтан жылы ауа келеді. Сондықтан мұнда 17–19 қыркүйекте күн жылы болып, жауын-шашын болмайды.

       https://stan.kz/

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите