Apple алғашқы бүктелмелі iPhone-ын таныстырды

Apple алғашқы бүктелмелі iPhone-ын таныстырды

фото: Digital Chat Station/www.ixbt.com

Apple компаниясы тарихындағы алғашқы бүктелмелі смартфонын таныстырды, деп хабарлайды Apple.

Жаңа iPhone екі дисплеймен жабдықталған, деп хабарлады ҚазАқпарат. Сыртқы экранының диагоналі 5,4 дюйм болса, ішкі дисплейі 7,6 дюймді құрайды. Бұл – iPhone тарихындағы ең үлкен экран.

Apple алғашқы бүктелмелі iPhone-ын таныстырды

Фото: Apple

Смартфон A20 Pro процессорымен жұмыс істейді және бүктелмелі құрылғыларға бейімделген iOS 27 операциялық жүйесімен жабдықталған.

iPhone екі түсте – Star White және Night Sky түстерінде ұсынылады.

АҚШ-та жаңа смартфонның бастапқы бағасы 1 999 доллар болады. Алдын ала тапсырыс 16 қазанда басталады, ал ресми сатылым 23 қазанда жолға қойылады.

Бұған дейін Apple компаниясы iPhone 18 Pro және iPhone 18 Pro Max смартфондарын таныстырған еді.


 

Материал ҚазАқпарат агенттігінен алынды. 

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите