TikTok-та әдепсіз видео жариялаған шетелдікке айыппұл салынды

TikTok-та әдепсіз видео жариялаған шетелдікке айыппұл салынды

фото: pixabay.com

Астанада полиция қызметкерлері TikTok әлеуметтік желісінде әдепсіз сөздер мен қоғамдық тәртіп нормаларын бұзатын сөз тіркестері бар бейнежазбаны жариялаған 25 жастағы шетел азаматын анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бейнежазба Астанадағы Мәңгілік Ел даңғылында орналасқан Триумфалды арка аумағында түсірілген. Видео кейін әлеуметтік желіде жарияланған.

TikTok-қа әдепсіз видео жариялаған шетел азаматына айыппұл салындыФото: Видеодан скрин

Бейнежазба авторы Ангелина Ванинаға сот шешімімен 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

— Полиция азаматтарды қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіп нормаларын сақтап, әдепті мінез-құлық танытуға шақырады. Құқыққа қайшы немесе қорлайтын мазмұндағы контентті жариялау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеді, — делінген ақпаратта.

Айта кетейік, елімізде соңғы екі жылда онлайн-платформалардан балағат сөздер бар 161 материал анықталды. Өшірілген контент саны бойынша TikTok көш бастап тұр. 

Материал ҚазАқпарат агенттігінен алынды.

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите