Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, мектеп формасы оқушының жасына, оқу жағдайына, ауа райына және қауіпсіздік талаптарына сай болуы керек. Ол күнделікті, мерекелік және спорттық үлгіде таңдалады.
Мектеп формасының үлгісін әр білім беру ұйымы ата-аналар қауымдастығы мен мектептің тиісті органдарымен бірлесе отырып белгілейді. Ал формаға өзгеріс енгізу де осы тараптармен келісім арқылы жүзеге асады.
Маңыздысы — ата-аналар мектеп формасын кез келген сауда орнынан сатып ала алады және өндірушіні өз еркімен таңдауға құқылы. Мектептер белгілі бір өндірушіге немесе дүкенге басымдық бере алмайды.
Әлеуметтік осал отбасылардың балаларына да қолдау қарастырылған. Мемлекеттік көмек аясында мектеп формасын, аяқ киім мен қажетті оқу құралдарын сатып алуға жағдай жасалады. 2026–2027 оқу жылында мұндай қолдаумен шамамен 450 мың баланы қамту жоспарланып отыр.
Ал мектеп киімінде қауіпсіздік те басты назарда. Жарақат келтіруі мүмкін қауіпті фурнитура мен аксессуарларға жол берілмейді. Жаңа оқу жылының алғашқы қадамы жинақы киімнен ғана емес, жақсы көңіл-күй мен жауапкершіліктен басталсын!