Камераға түсір, тәртіпке үлес қос

Камераға түсір, тәртіпке үлес қос

фото: kaz.inform.kz

     Түркістан облысында құқық бұзушылықты бейнетаспаға түсіріп, оны тиісті органдарға жіберген азаматтарға сыйақы беру тәртібі енгізілмек. Бұл арқылы тұрғындардың қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді араласуына мүмкіндік жасалмақ.

     Алайда кез келген түсірілген бейне үшін ақша төленбейді. Видеодағы құқық бұзушылық нақты дәлелденіп, тиісті тәртіппен расталуы қажет. Сонымен қатар бұл жағдай бұған дейін автоматты камераға, полиция қызметкеріне немесе басқа азаматтарға тіркелмеген болуы тиіс.

     Сыйақының ең жоғары мөлшері 43 мың 250 теңгеге дейін жетеді. Бірақ ақшаны бірден алу мүмкін емес. Алдымен құқық бұзған адамға қатысты әкімшілік шешім заңды күшіне енуі керек.

     Одан кейін салынған айыппұл толық төленген соң ғана бейнематериал арнайы комиссияның қарауына жіберіледі. Яғни азаматтың видео түсіруі ғана жеткіліксіз, барлық талап толық орындалуы қажет.

     Мұндай тәжірибе бұған дейін Астанада енгізілген болатын. Енді Түркістан облысы да осы жүйені қолдануды жоспарлап отыр. Тиісті қаулыға 3 тамызда қол қойылып, 4 тамызда Әділет министрлігінде тіркелген. Құжат ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң күшіне енеді.

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите