Димаш жаңа әлемдік турнесін бастайды

Димаш жаңа әлемдік турнесін бастайды

фото: kaz.inform.kz

       Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген жаңа әлемдік турнесін жариялады. DiMENSIONS деп аталатын жоба әншінің шығармашылығы мен тұлғалық болмысын жаңа қырынан таныстыруды мақсат етеді.

       Жаңа концерттік бағдарламада Димаштың әнші, композитор және продюсер ретіндегі жан-жақтылығы көрініс табады. Сонымен қатар оның ұлттық құндылықтарға деген құрметі мен өмірлік ұстанымы да айқын байқалады.

       Әлем тыңдармандары Димашты алдымен ерекше дауысымен таныса, бұл тур сол дауыстың иесі ретінде оның адамдық болмысын жақыннан көрсетуге бағытталған.

       Концерт барысында әсерлі әндер мен көркем сахналық шешімдер арқылы көрермен әншінің шығармашылық жолы мен ішкі әлеміне саяхат жасайды.

       Жоба туған жерге деген сүйіспеншілік, шынайы сезім, рухани құндылықтар және жаңа белестерге ұмтылыс сияқты маңызды тақырыптарды біріктіреді.

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите