Банк қосымшасын орнатпақ болған зейнеткер 3 млн теңгесінен айырылды

Банк қосымшасын орнатпақ болған зейнеткер 3 млн теңгесінен айырылды

фото: exch.bank

Күдікті оның депозитіндегі қаражатты бөгде шоттарға аударған, сондай-ақ жәбірленушінің атына несие рәсімдеген

Көкшетауда банк қосымшасын орнатпақ болған зейнеткер 3 млн теңгеден астам қаржысынан айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала тұрғыны өзінің банк шотынан ақша ұрланғанын айтып, полицияға жүгінген.

"Зейнеткер бірнеше ай бойы зейнетақысын ала алмаған. Себебі оның қолында батырмалы телефон болғандықтан, мобильді банк қосымшасын пайдалану мүмкіндігі болмаған. Осыған байланысты ол қызмет көрсету орталықтарының біріне барып, банк қосымшасын орнатуға көмек сұраған", - дейді полиция.

Күдікті зейнеткердің сеніміне кіріп, оның мобильді банк қосымшасына қол жеткізген.

"Кейін депозит шотындағы ақша қаражатын көріп, оның бір бөлігін үшінші тұлғалардың есепшоттарына аударған. Сондай-ақ жәбірленушінің атына кредит рәсімдеп, алынған қаражатты жеке қажетіне жұмсаған. Зейнеткер бұл жағдайдан банк бөлімшесіне жүгінген кезде ғана хабардар болған", - дейді полиция.

Банк қызметкерлері оның шотында қаражаттың жоқ екенін айтып, құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес берген. Тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, Ақтөбеде зейнеткер пәтерін сатып, алаяқтарға ақшасын ұстатып жіберген болатын.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите