Жылына миллионнан аса адам зорлық-зомбылықтан көз жұмады

Жылына миллионнан аса адам зорлық-зомбылықтан көз жұмады

Әлемдегі әрбір үшінші әйел дене немесе жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Жыл сайын 2–17 жастағы әрбір екінші бала әртүрлі зорлыққа тап болып жатыр. 20 жасқа дейінгі 120 млн қыз еріксіз жыныстық қатынасқа түсіп келеді. Бұл туралы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінде тәуелсіз сарапшысы Тлаленг Мофокенгтің баяндамасында айтылды.

Тлаленг Мофокенгтің сөзіне қарағанда, зорлық-зомбылық әр түрлі формада көрінеді: мысалы, пандемия кезінде адамдарды оқшаулау нәтижесінде күшейген әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық әлі де кең таралған. Зорлық-зомбылық пен қатыгездік көптеген демократиялық елдерде де, диктаторлық режимі бар елдерде де полицияның іс-әрекетінде қалыпты жағдайға айналды. Зорлық-зомбылыққа балалар, қарттар мен мүгедектер ұшырап жатыр.

Сарапшы зорлық-зомбылық дискриминацияның басқа түрлері бітпегендіктен болып жатыр деп санайды.

«Патриархалды, нәсілшіл, капиталистік, гомофобиялық, трансфобиялық және эйблистік (мүмкіндігі шектеулі адамдарға қарсы бағытталған) қысым түрлері зорлық-зомбылыққа әкеп соқтырады», - деді баяндамашы.

Жыл сайын әлемде зорлық-зомбылыққа байланысты жарақаттан 1,25 миллион адам қайтыс болады. Көптеген зорлық-зомбылық құрбандары өмір бойы мүгедек болып қалады немесе созылмалы және психикалық ауруға ұшырайды.

ДДҰ мәліметі бойынша, балаларға қатысты зорлық-зомбылық өлімге, ауыр жарақатқа әкелуі, ми мен жүйке жүйесінің, когнитивті дамуына теріс әсер етуі мүмкін. Зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар жиі темекі шегіп, алкоголь мен есірткі пайдаланады.

Фото: ds28.detkin-club.ruTwitter