«Жылдың сапалы инновациясы 2022» (Quality Innovation of the Year 2022) халықаралық байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

«Жылдың сапалы инновациясы 2022» (Quality Innovation of the Year 2022) халықаралық байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

«Жылдың сапалы инновациясы-2022» халықаралық байқауы жеңімпаздарының есімдерін қазылар алқасы жариялайды. Сапа саласындағы үздік инновациялық жобаларды марапаттау рәсімі биыл 16-шы рет өткелі отыр. Бұл шара Финляндия сапа қауымдастығының қолдауымен сонымен қатар, Еуропаның және әлемнің басқа да елдерінің  (Финляндия, Баск өлкесі, Ботсвана, Қытай, Чехия, Эстония, Венгрия, Үндістан, Израиль, Латвия, Литва, Руанда, Ресей, Оңтүстік Африка, Сербия, Испания, Свазиленд, Швеция, Зимбабве және Қазақстанның) ұлттық сапа ұйымдарының ат салысуымен ұйымдастырылды.

Өткен жылы байқауға барлығы 500-ге жуық инновациялық жоба қатысты, олардың 25-і марапатқа және арнаулы жүлделерге ие болды.

Алдыңғы жылдардағыдай, былтыр да халықаралық қазылар алқасы әр номинация бойынша жеңімпазды таңдайтын кезде оның ашқан жаңалығына, сол жаңалықтың пайдалану тәсілінің қарапайымдылығына, оқыту мүмкіндігіне, тұтынушыға бағытталуына және тиімділігіне аса мән берді.

Жеңімпаздарды әр мемлекеттегі ұлттық сапа ұйымдары электрондық дауыс беру арқылы объективті түрде таңдады.

Бұл байқау халықаралық серіктес ұйымдардың үздік тәжірибесін ескере отырып құрылған, ол сондықтан экономикалық және әлеуметтік салаларда бизнестің тұрақты дамуына ықпал ете отырып, инновациялық идеяларды жүйелі түрде ілгерілетуге мүмкіндік береді. Осы жобаға қатысушы көптеген  серіктес сапа ұйымдары әдетте жергілікті авторлардың инновацияларын алдымен ұлттық деңгейде бағалайды, содан кейін ғана жеңімпаздарды халықаралық байқау деңгейіне шығарады.

Осылайша, ең жақсы инновациялық жобалар көптеген елде бір мезгілде танымал болады.

2022 жылғы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді ресми марапаттау шарасын  аталған конкурстың ұлттық серіктесі - Қазақстандық сапа және инновациялық менеджмент ұйымы (КОКИМ) ұйымдастырады.

Салтанатты шара Алматы қаласында биыл ақпанның 23-де өтеді.

Өтетін орны: Рахат Палас қонақ үйі (Сәтбаев көшесі, 29/6).

Сонымен қатар, осы бірегей халықаралық іс-шара шеңберінде КОКИМ "Сапа және инновация - орнықты экономикалық дамудың маңызды факторлары" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырады. Оған Қазақстанның және шетелдердің инновациялар жөніндегі танымал сарапшылары қатысады. Қатысушылар баяндамаларды тыңдап, инновациялық менеджменттің өзекті мәселелері бойынша пікірталастарына қатыса алады.

Қосымша ақпарат алу үшін сайтқа кіріңіз:

 www.qia.standard.kz; www.standard.kz немесе КОКИМ Ұйымдастыру комитетінің өкіліне  

+77082705484 (Ілияс Берлісүгіров) телефоны бойынша хабарласыңыз.

Профессор Азат Әбдірахманов

Қазақстандық Ұйымдастыру Комитетінің Төрағасы

"QIA Gala 2022"

www.qia.standard.kz

www.standard.kz,

email: info@standard.kz