Жыл басынан бері Өзбекстанға 900 мыңнан астам қазақстандық турист барған

Жыл басынан бері Өзбекстанға 900 мыңнан астам қазақстандық турист барған

       Өзбекстанда жыл басынан бері шетелдік туристер ағыны 2 есе артып, елдің туристік саласы қалпына келуде.

       Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік статистка комитеттінің мәліметінше, 2022 жылғы 8 айда елге турситік мақсатпе 3 млн шетел азаматы келген. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2 есе көп.

       Барлық шетелдік туристердің үштен бір бөлігін, яғни 922,7 мың адамды Қазақстан азаматтары құрады. Сондай-ақ туристік ағын көшбасшыларының үштігіне Өзбекстанмен көршілес елдер Қырғызстан мен Тәжікстан кірді. Бұл елдерден Өзбекстанға сәйкесінше 821,9 мың турист және 814,5 мың адам келген.

       Ресей Федерациясынан келген қонақтар саны 316,9 мың адамды құрады. Алыс шетелдерден 124 мың турист келген, оның ішінде Түркиядан – 45,8 мың қонақ, Оңтүстік Кореядан – 10,9 мың, Германиядан – 10,3 мың, АҚШ-тан 7,8 мың адам барған.

       Бұған дейін хабарланғандай, Өзбекстан тұрғындары мен қонақтарынан 14-17 қыркүйекте Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізуге байланысты Самарқанға бармау сұралды.