2021 жылдың екінші тоқсанында елімізде 8,8 миллион адам жұмыспен қамтылған
Қазақстан еңбек еркіндігі деңгейі бойынша әлемнің 182 елінің ішінде 5-орында. Бұл туралы Finprom.kz сарапшылары хабарлады.
Қазақстанның алдында Сингапур, Бруней-Даруссалам және АҚШ, Жаңа Зеландия тұр. Тізім соңында Солтүстік Корея.
ТМД елдерінің ішінде Қырғызстан 13-орында, Беларусь – 23, Армения – 25, Әзербайжан – 59, Өзбекстан – 83, Ресей – 114, Украина – 146, Тәжікстан – 153, Молдова – 171, Түркіменстан 181-орында тұр.
Сарапшылар 2021 жылдың екінші тоқсанында елімізде 8,8 миллион адам жұмыспен қамтылғанын айтты. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,2%-ке көп.
Өңірлер ішінде Алматы қаласында жұмыспен қамтылғандар 981,4 мың адамды құрайды. Сондай-ақ үштікке Алматы облысы (973,8 мың адам), Түркістан облысы (777 мың адам) кірді.
Ал ең аз адам жұмыспен қамтылған өңірлер арасында Солтүстік Қазақстан облысы тұр: мұнда 288,5 мың адам жұмыс істейді. Ал бұл көрсеткіш былтырға қарағанда 0,7%-ке төмен.
Биыл қалада жұмыспен қамтылғандар саны бір жылда 2,4%-ке артып, 5,3 миллион адамға жетті. Ал ауылдарда керісінше 0,6%-ке азайып, 3,5 миллион адамды құрады.
Қазақстанда жұмыспен қамтылғандардың көпшілігі көтерме және бөлшек сауда, автокөлік пен мотоциклдерді жөндеу саласында жұмыс істейді: 1,5 миллион адам, бұл бір былтырға қарағанда 3,5%-ке артық.
Танымал 3 саланың қатарына ауыл, орман және балық шаруашылығы (1,2 миллион адам) және білім беру (1,1 миллион адам) кірді. Осы үш салада елдегі жұмыспен қамтылғандардың 42,5%-і жұмыс істейді.
Ал қазақстандықтар арасында өнер, ойын-сауық және демалыс саласына деген қызығушылығы жоғары болмай тұр. Бұл салада 138,8 мың адам жұмыс істейді. Ал бұл көрсеткіш былтырға қарағанда 1,1%-ке аз.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через