Жұмыс берушінің жауапкершілігі күшейтілді
Қазақстанда жұмыс уақытын заңсыз созған жұмыс берушілер жауапкершілікке тартылады. Айыппұл көлемі 116 мыңнан басталып 350 мың теңгеге дейін барады.
Қазақстанда жұмыс уақытын заңсыз созған жұмыс берушілер жауапкершілікке тартылады. Мұндай өзгерісті Сенат депутаттары мақұлдады. Егер жұмыс беруші өз қызметкерін келісімшартта көрсетілген кестеден бөлек уақытта жұмыста ұстаса алдымен ескерту алады. Егер жағдай қайталанса, лауазымды тұлға 40 айлық есептік көрсеткіш (116 680 теңге), ал шағын бизнес нысандары мен коммерциялық емес ұйымдар 175 020 теңге көлеміде айыппұл төлейді. Орта бизнес субъектілеріне салынатын айыппұл көлемі 80 айлық есептік көрсеткіш, яғни 233 360 теңге. Ірі кәсіпкерлік 350 мың 40 теңге төлеуге міндеттеледі.
"Құжатта еңбек құқықтарын заңнамалық тұрғыдан қорғау көзделген. Сондай-ақ, осы заң азаматтар мен билік мүдделерін қорғау үшін прокуратура және ішкі істер органдарының қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді", – деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через